Адами Ресурстары

Сүвари ел ішкі және халықаралық өсу мақсаттарына сәйкес, қызмет пен жүйелік стратегияны қамтитын әлеуетті қызметкерлерді қамтамасыз ету, олардың дамуын қамтамасыз ету және барлық қызметкерлерімізді Сүваридің келешегіне дайындап, компаниямыздың көзқарастары мен құндылықтарын қабылдайтын адамдық ресурсты құру.

Компаниямыздың стратегиясына қызмет ету үшін; оңтайлы ішкі және сыртқы ресурстарды пайдалану арқылы барлық отандық және шет елдік іс-шараларымыз үшін ең қолайлы және уақтылы адам ресурстарын қамтамасыз етуге тырысамыз.

Қызметкерлеріміз Сүвари негізгі құндылықтарына сәйкес әрекет етуіне, жұмысты енді бастаған және бұрыннан бар қызметкерлеріміз үшін, мақсатымызға сай қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, өзіндік және стандартты оқыту тұжырымдамаларын құруды, олардың мансабын басқаратын және олардың жұмысын бақылайтын жүйелерді құруды мақсат етеміз.

Елде негізі құрылған барлық кадрлық жүйелерді шет елдік іс-шараларымызда да жүзеге асыру үшін зерттеулер жасап, компаниямыздағы барлық қызметкерлердің этикалық және тең мүмкіндіктер қағидаттарына сәйкес әрекет етулеріне мән береміз.

Адам ресурстарын басқару перспективамыз клиенттердің қанағаттануын негізге алып, осы мақсатта жасалған барлық қолданыстардың проактивті тәсіл және көзқараспен жасалуын мақсат етеміз.

 Сүвари Негізгі Құндылықтарымыз

Позитивті көзқарасқа ие болу

Біз жағдайға қарамастан, тыныш әрекетпен, сындарлы карап, теріс мәлімдемелер жасамай, шешімдер іздеу арқылы жағдайдың пайдасына назар аударамыз. Ісімізді сүйіспеншілікпен жасаймыз. Әрқашан адамдарды баулуға бағытталған ұстаныммен, ‘дәнекер' болуға тырысамыз. Күлімсіреу ‘адам' үшін үлкен ізгілік екенін білумен қатар өмірлік ұстанымымыз болып табылады.

Сенімді және қарапайым болу

Өзімізді бизнестің иесі ретінде қарастырамыз және өз жұмысымызды уақытында жасаймыз. Сөзіміз бен ісіміз бірізді болып табылады. Жұмыс орнындағы этикалық нормалардың сақталуы бізді ізгілі ететіндігіне сенеміз. Сылтау жасаудың орнына қажет болған жағдайда сыпайы кешірім сұрауды таңдаймыз. Шешім қабылдаған кезде командамыздың идеяларына мән беріп, олармен қарым-қатынасымызда шынайылығымызға сеніп, сенімділік қатынастарын орнатуға тырысамыз. Қарапайым болу-біздің даңқымызды көтергенін білеміз, жасаған ісітерімізді артығымен түсіндіруге тырыспаймыз.

Адамды және қоршаған ортаны құрметтеу

Біз адамдар мен басқа да тіршіліктің болмыс мақсаты болғандығына сеніммен қарап эмпатия қалыптастырамыз. Оларға сәлемімізді аямаймыз. Әмбебап ойға иеміз. Ысыраптың барлық түрі (уақыт, ақша, материал, энергия) бізге де, болашақ ұрпақтарымызға да кері әсер етеді деп санаймыз. Біз үшін жағымсыз болған нәрселерді достарымыз үшін де қаламаймыз. Айналамыздағыларға ақыл үйретпей, өзіміз білетін нәрселерді жеткізуге, қажет болғанда оларды тыңдау «адамға құрмет» деп санаймыз.

Тұтынушыларымызды дос ретінде көру

Біз өз клиенттерімізді, қызметкерлерімізді, жеткізушілерімізді және салалық достарымызды ұйымымыздың жетістіктерінде заңды иелері ретінде көреміз. Өнімдерімізді пайдаланатын, дүкенімізден сауда-саттық жасаған достарымызға қандай сыпайылық, шынайылық және сезімталдық танытсақ бірге жұмыс істейтін, бизнес-процестерімізге әсер ететін басқа адамдармен де дәл сондай қарым-қатынас жасаймыз. Айналамыздағы адамдарға мән беріп қараймыз, олардың қажеттіліктерін түсінуге тырысып, толықтыру үшін әрекет жасаймыз. Анатолия мәдениеті мен қонақжайлылығын айналамызға және бүкіл әлемге сезіндіруді қалаймыз, сондықтан біз шынайы достарымызға қызмет етуді бақыт санаймыз.

Еңбекқор болу құндылық қосу

Мекемеміздің тұтастығы үшін, міндеттемелерді айырмай, тәртіппен, алғашқы күнгідей талпыныспен жұмыс жасап, қолымыздан келгеннің ең жақсысын жасау үшін күш жұмсаймыз. Міндетімізді жоғары деңгейде жасау үшін үздіксіз сұраулар салып қадағалап отырамыз. Негативтермен уақытты жоғалтудың орнына Olumsuzluklarla zaman harcamak yerine, оң әрекеттермен уақытты тиімді пайдаланамыз. Өзімізді дамытып, ісімізді көрсете отырып, өз командамызға құндылықтар қосуға тырысамыз.

Идеалист болу

Біз идеалистпіз. Осы мақсатта, үздіксіз ісімізді дамытып, жақсы қызмет көрсетуге тырысамыз. Өз жұмысымызды өз уақытында жасаймыз және мүдделі тұлғаларға кері байланыс береміз. Саламыздағы кемшіліктерді көргенде, толықтыру үшін жауапкершілік алудан қымсынбаймыз. Ұсақ ысырап пен шығындар үлкен ысыраптардың және бақыланбайтын шығындардың басталуы деп білеміз. Күнделікті уақытымыздың бір бөлігін өзіміздің және топтың болашағы үшін зерттеу және жоспарлауға бөлеміз. Өз құндылықтарымызды бұзбаймыз.

Инновациялық болу

Біздің ойымызша, өзгерту - бұл дамудың қажеттілігі. Өзгерістерден қашпаймыз, қалай бейімделуді жоспарлаймыз. Қарапайым болмаған әртүрлі нәрселер туралы ойлап, жаңа идеялар туындатуды сүйетін, ісімізде және өз өнімдерімізде, сату тәсілдерімен және басқару әдістерімен инновацияларды енгізуге қуаныштымыз.  Инновацияларға қол жеткізу мақсатында зерттейміз, оқимыз, кеңес аламыз. Динамикалық әрекеттеріміз арқылы әрқашан өзімізді келесі қадамға дайындаймыз.

Командалық жұмысқа үйлесімді болу

Біз Сүвариді, барлық бөлімшелеріміз бен басқару ұжымы жалғыз команда ретінде қараймыз. Ұжымымыздың жетістігі біздің абыройымызды жоғарылататындығын білеміз, команда жетістігін жеке жетістіктерімізден артық санаймыз. Идеялар әртүрлі болуы мүмкін, бірақ мекеме атынан консенсуспен әрекет ету қажет деп есептейміз. Командалық жұмыстың бірге жұмылып әрекет ету арқылы екендігін білеміз, сондықтан қайырымды және әділдік танытамыз, кеңесеміз, командамыздағы ақтауды жоятын адам болып, сондай-ақ бағынатын адамдардан да шешім ұсыныстарын қабылдаймыз.

Сенімді және қайырымды болу

Біз сенімділіктің, адамдардың дүниесін және ақыретін реттейтіндігін және оң әсер ететіндігіне сенеміз. Пайда көрген әлемнен, елдерден, адамдардан қайтадан оларға жұмсау үшін жоспарлар мен бюджеттер жасаймыз. Болашағымыздың себебі және молшылықтың көзі деп есептейміз.

Жұмысқа қабылдау процесі

Сувари 1997 жылдан бері сапасы мен қуатын әр күн сайын арттырды. Түркияда брендінің танымалдығын арттыра отырып, әлемдік нарықта да өз орнын алуға бағытталған. Бізді бұл мақсатқа жетуімізге және бізді саралауға мүмкіндік беретін ең қуатты және маңызды элемент «білімді және білікті қызметкерлер» екенін білеміз. Осы себепті, кадрларды іріктеу кезінде алдымен компанияның мақсаттарын іске асыруға құндылық қосу арқылы өсуіміздің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, ізетті, ынталы, үйрену мен дамытуға ашық, компания мәдениеті мен құндылықтарына бейімделетін үміткерлерді таңдауға тырысамыз.

Үміткерлеріміздің жалпы өтініштерін және тіркелген сайттағы жарнамаларымызға ұсынылған өтінімдерді  дерекқорымызда сақтаймыз. Ұстанымымызға сәйкес біліктілікке, білімге және тәжірибеге ие үміткерлерді адам ресурстары тарапынан сұхбат алу үшін алғашқы әңгімелесуге шақырамыз. Осы үдерісте сәтті өткен үміткерлер екінші бөлімге менеджер / директормен әңгімелесуге шақырылады. Қажет болған жағдайда кандидат үшінші сұхбаттасуға да шақырылуы мүмкін.

Оң қарқынмен ілгерілеген үміткерлерімізге міндеті бойынша талап етілетін біліктілік шеңберіндегі қабілеттілік тестілеуді, тұлға инвентаризациясын немесе емтихан тапсырмаларын орындау арқылы ең лайықты кандидатты осы лауазымға орналастыру үшін мұқият зерттеу жүргіземіз.

Инвентарлық қосымшаларды табысты аяқтаған үміткерлердің анықтамалық бақылау және жұмысқа орналасу туралы ұсыныстарды Адами ресурстарды басқару бөлімінің қызметкері жүзеге асырады. Ұсынысымызды қабылдаған үміткерлеріміздің жұмысының басталу күні бірге шешіледі.

Мансапты жоспарлау

Мансапты жоспарлау ұстанымымыз қызметкеріміздің қол жеткізе алатын келесі позициясы және осы позицияға қатысты өз мансабының жалғасында қол жеткізетін болашақ лауазымы, басқа мансап мүмкіндіктері, болуы тиісті болған техникалық біліктілік пен мінез-құлық құзыреттілігі, келесі лауазымға қатысты қажет болған тренингтерді анықтау және осы шеңберде қызметкерлерге қолдау көрсету.

Жетістіктеріміздің жалғасу барысында компания ішінде өсіп-өркендеген басшыларымыздың үлкен үлес қосатынына сеніммен қарап, қызмет ету көрсеткіштері шеңберінде түрлі мансаптық мүмкіндіктер ұсынамыз. Сонымен қатар біздің ашық позицияларымыз компанияның ішінде жарияланады және қызметкерлерге әр түрлі мансаптық мүмкіндіктер ұсынылады.

Барлық қызметкерлеріміз бір саты жоғары келесі позицияға өту үшін қажетті біліктілік, білім және тәжірибеге қол жеткізуді позициясына негізделген жұмыс сипаттамасынан үйрену арқылы келесі лауазымға өту үшін қандай жетістіктерге жету керектігін біледі.

Біздің дүкендеріміз үшін анықталған дүкендер менеджер немесе сарапшы лауазымдарына талап етілетін біліктілік, науқанды өткізу рәсімінде нақты анықталған. Бұл позициялардың мансаптық мүмкіндіктері инвентаризация және емтихан әдістерімен қамтамасыз етіледі. Аймақтық менеджер лауазымдарында болса барлық осыкезеңдермен қоса бағалау орталығының практикасы жүзеге асырылады және мансаптық процестерге 6 айлық оқыту бағдарламалары арқылы қолдау көрсетіледі. Бас офис қызметкерлері үшін жоғары лауазымға көшу құқығы тәжірибесі, қамтыған біліктілігі және көрсеткіштердің нәтижелерімен жүзеге асырылады. Атқарушы және жоғары лауазымға өту болған жағдайда бағалау орталығы бағдарламасы жүзеге асырылады.

Оқыту

Компаниямыздың болашаққа көзқарастары мен мақсаттарына сәйкес қызметкерлеріміздің білімін, дағдыларын, мінез-құлқы мен көзқарастарын жетілдіру мақсатында оқыту және дамыту жөніндегі іс-шараларды анықтау, оны ұйымдастыруды жүзеге асыру және даму бағыттарын бақылап мекеменің болашағына үлес қосу мақсат етілген.

Компаниямызда оқытылған барлық қызметкерлердің ең алдымен,

» Құндылықтарымызды

» Мекеме мәдениетімізді

» Мекеме тарихымызды

» Көзқарасымызды

» Болашақ мақсаттарымызды

» Жұмыс жасау принциптерімізді үйретуді мақсат етеді.

Сүвариде Тренинг бөлімі әрбір қызметкерге тең ақпарат алмасу үшін 3 түрлі топқа қызмет көрсетеді.

Ішкі отандық дүкендер

Сүвари дүкендерінде жұмыс жасайтын әрбір қызметкердің ең алдымен лауазымына қарай бағдарлық оқыту мақсатында бағдарлық бағдарламасы құрылады. Әрбір қызметкер осы тренингтен өтуі керек. Осы бағдарламаны әрбір өңірде жүзеге асыру үшін өз арамызда ерікті негізде жұмыс істейтін және дамыған жаттықтырушы дүкен менеджерлерімізбен бірге жұмыс жүргіземіз.

Ортамызға қосылған жаңа қызметкерлер үшін мекемеде ішкі хабарландырулар жарияланады. Хабарландыруда қызметкердің қай дүкенде жұмыс істей бастайтынын және қандай дүкенде оқытылатындығын анықтап айтады. Хабарландыруда аты аталған жаттықтырушы дүкен менеджерлері жұмысқа бастайтын жаңа әріптесімізге телефон соғып келесі күнге оқуға шақырады. Оқыту менеджеріміз тарапынан жұмысқа бастайтын қызметкердің лауазымына сәйкес "Дүкен бағыты бойынша оқу кітабы" бағдарламасымен жүргізіледі. Тренинг соңында біздің менеджеріміз де, қатысушы да бағалау формаларын толтырады.

Біздің ұйымда кем дегенде 8 ай жұмыс істеп келе жатқан барлық сатылым кеңесшілері өздерінің мансаптық мақсаттарындағы алғашқы қадамдарына дайындалған барлық «сату жөніндегі консультанттарды даярлау бағдарламасына» қатысуы керек. Бұл тренингте табысты жұмыс көрсеткен сату жөніндегі консультанттарымыз сату бойынша сарапшы кеңесші болуға құқылы болады.

Сату жөніндегі кеңесшілеріміз сияқты сату жөніндегі сарапшы кеңесшілеріміздің алғашқы мақсаты болып табылатын дүкен менеджерлігіне қол жеткізуі үшін «дүкен басқару туралы ақпарат бағдарламасын» сәтті аяқтауы қажет.

Дүкен менеджерлерінің келесі қадамы болса аймақтық менеджер болғандықтан, ең алдымен, басқару дағдыларын үйретуді және 6 ай жалғасатын аймақтық менеджерді оқыту бағдарламасын сәтті аяқтауы мансаптарын бір қадам алға жылжытуы болып табылады.

Әрине баспалдақтан көтерілу барысында жолымыз аймақтық менеджерлікпен шектелмейді. Аймақтық менеджерлеріміз көрсеткен жетістіктері, қарым қатынастары және жылдам прогресімен өңірдің сату жөніндегі үйлестірушісі әрі қарай келесі сатыда сату жөніндегі директор ретінде жоғарылай алады.

Шетелдегі дүкендер

Сүваридің шетелдік нарыққа қосылған әрбір жаңа елде жұмыс істейтін барлық қызметкерлер бір апталық бағдарлық бағдарламадан өтеді. Кейіннен арамызға қосылатын әрбір әріптесімізге осы бағдарлама сол елде болып табылатын жаттықтырушы дүкен менеджері тарапынан жеткізілуде.

Мекеме іші немесе мекеме сырты ел іші және шетелдік дүкендерімізде мансапқа ұмтылғандар мен бірге әркім өтініш білдіруіне болатын 6 айлық менеджер оқыту бағдарламасы бар. Бұл жағдайда туындайтын адам ресурстары қажеттілігі бойынша Түркия тарапынан қолдау көрсетіледі.

Критерийлерге сай келетін әрбір үміткер Сүвари дүкендерін және дүкен басшылығын бастан аяқ теориялық, практикалық және қолданбалы түрде қолдау көрсетілген онлайн оқу тренингтері арқылы үйренеді. %35 теориялық, %65 практикалық және қолданбалы түрге сүйенген бұл оқу соңында сәтті аяқтаған әріптестеріміз лайық деп саналған елдерге немесе қалаларда өздеріне сай лауазымда 6 айлық міндетін атқарушы ретінде қызметке бастайды. 6 айлық кезеңде көрсеткен жетістігі соңында негізгі тапсырма туралы хабарландырулар көрсетіледі

Бас басқарма

Ортамызға қосылған әр жаңа қызметкеріміз үшін бұл жерде де бағдарлау бойынша оқыту жүргізіледі. Ғимараттың ішінде ғана емес дүкендерді де қамтыған процес қазіргі күннің өзінде жүргізілуде.

Жыл соңында жасалған қажеттіліктерді талдау және әртүрлі құзыреттілік карталарымен әр қызметкер үшін позицияларына негізделген оқыту күнтізбелері жасалады.

Sene sonu yapılan ihtiyaç analizleriyle ve oluşan yetkinlik haritalarıyla her çalışan için pozisyon bazlı eğitim takvimleri oluşturulmaktadır. Күнтізбелер үш басты тақырып бойынша топтастырылған.

» Жеке даму

» Кәсіби даму

» Басқаруды дамыту

Бұл тренингтер indoor, outdoor немесе e-learning ретінде қатысушылардың қатысуымен жүзеге асырылады.

Жалақы менеджменті және әлеуметтік нысандар

Нарықтық жалақы зерттеулерінің негізінде қызметкерлеріміздің лауазымына сай жалақысын «нарықтағы орташа жалпы табыс» принциптеріне сәйкес ұйымдастырады. Өнімділігі марапатталған ауыспалы жалақы бағдарламасын кірістер жиынтығының ішінде қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар;

» Асхана (Түскі ас сервисі)

» Сусындар

» Қызметкерлер тасымалы (Стамбулдың Еуропалық жағы үшін)

» Компания көлігі, ұялы телефон желісі, ноутбук және мобильді интернетке қол жеткізу мүмкіндігі (лауазымы негізінде өзгермелілік көрсетеді)

» Компания докторы

» Дүйсенбі күндері таңертеңгі швед үстелі таңғы ас мүмкіндігі

» Кеңсенің қабаттарындағы LCD TV-теледидарлар күн тәртібін қадағалауға мүмкіндік береді.

» Біздің жұмыс уақытымыз аптасына 5 күн және 08: 00-ден 18: 00-ге дейін.

 

 

Filters
Sort
display